Үлбі металлургиялық зауытының көрме – ақпараттық орталығының директоры Альберт ГОФМАН «Рессей атом саласына 70 жыл» мерейтойлық медальға ие болды. Марапаттау салтанаты 24 қыркүйек күні Мәскеудің Кремль Мемлекеттік Сарайында болды.
«Росатом» атом энергиясы бойынша мемлекеттік корпорациясымен берілетін марапат, атом саласының дамуына және құрылуына үлкен үлес қосқаны үшін беріледі.
Алберт Ефимовичке Рессей мемлекеттік марапатын беру – бұл оның еңбектегі жетістіктерін, кәсіби ісінің және өз жұмысына деген адалдығын білдіреді. 60 жылдық ғұмырнамасын Үлбі металлургиялық зауытна арнап, Уран өндірісінің құрылуына қосқан үлесі өте зор. Оның қол басшылығымен ҮМЗ – да бұрынғы Совет Одағының АЭС және Шығыс Европа елдері үшін уран отынының ірі масштабты автоматтандырылған өндірісі құрылды. Алберт Ефимович Гофманның еңбектегі жетістіктері «Құрмет белгісі» және «Дружба» Еңбек Қызыл ту орденімен белгіленген.
Ол – КСРО Министрлер Кеңесі сыйлығының және В.П. Потанин атындағы зауыт сыйлығының иегері, 1 дәрежедегі «ҚР атом саласына еңбегі сіңген қызметкері» құрмет төс белгісімен, «Е.П. Славский» Росатомның құрмет белгісімен марапаталды, РФ «Өнеркәсіп және атом энергетикасының ардагері» атағының иегері мен «ҮМЗ еңбегі сіңген қызметкері» және «Зауыттың құрмет ардегері».
«ҮМЗ - ақпарат»