ШҚО-ның Курчатов қаласында 5 тамызда «Ядролық сынақтар мен зардаптарына мониторинг жүргізу» VIII халықаралық конференциясы өз жұмысын бастады. Келелі кеңеске аталмыш саладағы әлемнің белді тұлғалары мен ұйымдарының өкілдері қатысуда, деп ШҚО-ның Ақпаратттық орталығынан хабаралады. Осымен 8 рет Қазақстанда халықаралық ядролық қауіпсіздікте қолдау көрсету мақсатында түрлі мемлекеттердің мамандары бас қосуда.Айта кетерлік жайт, шара БҰҰ шешімімен және Қзақастаннның бастамасымен Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күні қарсаңында, яғни 1991 жылы 29 тамызда Семей сынақ полигоны жабылған күніне орай өткізілуде.Жалпы, ауқымды шара барысында әлемдегі ядролық ахуал, оның проблемелары мен жеткен жетістіктері қаралады.Сонымен қатар, сала мамандары өздерінің тәжірибесімен бөліседі. Конференция 8 тамызға дейін жалғасады.

 strategy2050.kz