2016 жылғы қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс – шаралар жоспарын жүзеге асыру бойынша қорытындылар шығарылып, 2017 жылға арналған іс-шаралар белгіленді.

Жоспар негізінде қарастырылған 12 іс-шара орындалып, олар 352 миллион теңгені құрайған. 2016 жылдың қорытындысы бойынша Үлбі өзенін өнеркәсіптік ақаба су арқылы ластайтын зиянды заттардың мөлшері 6,6 тоннаға азайтылған.

Өскемен қаласының өнеркәсіптік алаңында орналасқан өндірістердің жер асты суларына тигізетін әсерін бағалау үшін өткен жыл ішінде тоғыз бақылау ұңғымалары тұрақты түрде бақылауда болды. 2015 жылмен салыстырғанда «Қалдық сақтау» учаскесінде зауыт бөлімшелерімен орналыстырылатын қалдық көлемі азайтылған. Қоршаған ортаны өндірістік қалдықтардан қорғау үшін пайдаланбаған өндірістік қалдықтарды қайта өнімге айландыру жөніндегі үлкен жұмыс атқарылып жатыр. Мысалы, Тантал өндірісімен 1580 тонна бейтарап гипс дайындалып жүзеге асырылған, ал Бериллий өндірісі 26 тонна ферробалқымасы мен жеті тонна фторлы аммонийді жүзеге асырған.

- 2016 жылы кәсіпорын қоршаған ортаны қорғау жөніндегі барлық іс – шараларды орындап, қоршаған ортаға кері әсерін тигізетін аппатық шығарылымдарға жол берген жоқ, - деді өндіріс қауіпсіздігі жөніндегі директор Сергей Сидоров.

2017 жылға арнап қабылданған «ҮМЗ» АҚ қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары негізгі жеті бағыттан тұрады. Соның ішінде ауа бассейнінің қорғалуына, су қорларының тиімді пайдаланылуына, өндірістік қалдықтармен жұмыс жасалуына, радияциялық, биологиялық және химиялық қауіпсіздікке аса ерекше көңіл бөлінеді. Сонымен бірге әкімшілік аймақ пен кәсіпорынның өнеркәсіптік санитарлық–қорғау аймағын күтіп ұстау және көркейту-көгалдандыру жұмыстары одан әрі жалғастырылуда. Жалпы биылғы жылғы жоспарға 600 миллион теңгені құрайтын 17 іс – шара салынған. Бұл алдыңғы жылдан қарағанда екі есе көп. «Қалдық сақтау» учаскесіндегі буландырғыш тоғанның (карта №5) құрылысын салу жөніндегі жобаның жүзеге асырылуына байланысты биылғы жылы экологиялық іс-шаралар шығыны ұлғайтылған. Бериллий өндірісінің № 3 А цехындағы «Вайтинг» пешінің шөмішті қалдықтарын қайта балқыту учаскесін салу жөніндегі жобаның жүзеге асырылуы жоспарланған. Сұйық радиоактивті қалдықтардың лақтырылым мөлшерін азайтуға бағытталған жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қоса «ҮМЗ» АҚ бөлімшелерімен лақтырылатын шығарымдар мен лақтырылымдарды бақылау жөніндегі жұмыстар жоспарланған.

Сергей Сидоровтың айтуынша, жоспарланған іс-шараларды орындау алдағы уақытта да қоршаған ортаға кері әсерін тигізбейтіндей өндірістік қызметімізді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
 

«ҮМЗ» АҚ