СҚО-да пайдалануға берілген нысандардың (тұрғын үйлерден бөлек) 85 пайызы ауыл шаруашылығына арналған ғимараттар. Олардың жалпы құны 10,5 млрд теңгені құрайды. Бұл туралы ranking.kz. мониторингтік агенттігінің мамандары хабарлады.
«Солтүстік Қазақстан облысы еліміз бойынша тұрғын емес нысандар құрылысы құнының өсім қарқыны бойынша 2-орынға ие. 1 тоқсанда тұрғын емес нысандарды пайдалануға енгізу сомасы өткен жылғы көрсеткіштен 10-нан астам есеге артып, 12,4 млрд. теңгеге дейін ұлғайды», - делінген хабарламада.
СҚО-да ең қымбат нысан - жылына 211 мың тонна астық сақтап, қайта өңдейтін элеватор.
Екінші орында - жалпы алаңы 2,6 мың шаршы метр «бір терезе» қағидаты бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы.
Үшінші орында - ұзындығы 141 шақырым байланыстың талшықты-оптикалық желісі.
Пайдалануға енгізілген өнеркәсіптік нысандар ТОП-20-сында қуаты 2 мың киловатт жел электр стансасы 14-ші орынға ие.
ҚазАқпарат