2016 жылдың 18 мамырында «Ядролық физика институты» РМК төмен байытылған уран негізіндегі отынды ССР-Қ реакторын энергетикалық іске қосу басталды. Жұмыстар Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетімен келісілген бағдарлама бойынша жүргізілуде. Реакторды физикалық іске қосу 31.03.2016 ж. - 21.04.2016 ж. аралығы кезеңінде жүргізілді.
ССР-Қ реакторын төмен байытылған уранды отынға конверсиялау жобасын табысты іске асыру 2016 жылдың 31 наурызында Вашингтонда өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит барысында жасалған Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының ядролық қауіпсіздік және таратпау саласындағы ынтымақтастық туралы бірлескен мәлімдемесінде белгіленді.
Ядролық физика институты