Қазақстан Республикасы премьер – министірінің бірінші орынбасары Асқар Мамин Шығыс – Қазақстан облысына келу барысында Үлбі металлургиялық зауытын аралап шықты. Оны бірге ШҚО әкімі Даниал Ахметов, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма Төрағасы Асқар Жұмағалиев және басқа да ресми тұлғалар ілесіп жүрді.

«ҮМЗ» АҚ Басқарма Төрағасы Юрий Шахворостов кәсіпорын қызметінің негізгі бағытымен таныстырып, шығарылатын өнімдердің үлгісін ұсынып, олардың пайдалану саласы туралы айтып берді. Сонымен қатар ол зауытта жүзеге асырылып жатқан маңызды стратегиялық жобалар туралы хабардар етті. Жылу бөлу құрылғыларының өндірісі туралы баяндамасында, кәсіпорын басшысы «ҮМЗ» АҚ ядролық реакторлардағы жұмысы үшін сапалы және жұмыс істеу сенімділігі жоғары конструкцияларды жасауға мүмкіндік беретін қуаттылығы жылына 200 тонна дейін уран отынын шағаратын толықтай автоматтандырылған заманауи өндіріс құрылатынын айтып өтті.

Соңынан қонақтар тантал ұнтақтарын шығару өндірісінде болып, технологиялық өндіріске қатыстырылған барлық учаскелерді аралап шықты.
 

«ҮМЗ» АҚ