ҚР ИЖТМ Атом энергиясы комитеті ресейлік "Б/Б Изотоп" ААҚ - на транзиттік,радиоактивтік заттарды және иондаушы сәулеленудің радиоизотопты көздерін Қазақстан аумағында тасымалдауға мемлекеттік лицензия берді. "Б/Б Изотоп" - Қазақстанның мемлекеттік органдарынан осындай лицензия алған алғашқы шетелдік компания. Соның арқасында Б/Б Изотоп" - Қазақстан арқылы Өзбекистан, Түркіменистан, Тәжікстан және Қырғызстанға ядролық медицина, ғылым мен өнеркәсіпке арналған радиоизотопты өнемдерді жеткізіп бере алады. Оған қоса, компания "Хоргос" шекаралық ынтымақтастық халықаралық орталығы арқылы Қытай аумағына да жеткізуді жоспарлауда.
Nomad.su