«ҮМЗ» АҚ–да сапа, экология, денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудің интеграцияланған менеджмент жүйесінің (ИМЖ) ISO 9001:2008, ISO 14001:2009, OHSAS 18001:2007 халықаралық стандарттарына сәйкестігі қайта сертификаттау сараптамасынан (аудит) сәтті өтті. Менеджмент жүйесін сертификаттау – әлемдік нарықтағы табысты бизнес үшін ең маңызды шарт.
Төрт күн бойы 12 -15 мамыр аралығын «Интерсертифика-TЮФ БҚБ ТЮФ Тюрингенмен бірлесір» (Мәскеу) құрамында жеті адамы бар аудиторлар командасы, қолданыстағы ИМЖ сәйкестігіне тексеру жүргізді. Сараптаманы бас аудиторлар Владимир Качалов және Василий Бойтик, аудиторлар Дмитрий Быстров, Максим Зырянов, Алексей Богатырев, Владимир Буланов және Дархан Ахметов жүзеге асырды. Кәсіпорын бөлімшелерінде аудиторларды, сапа жөніндегі директор қызметінің басшылары мен мамандары, өндіріс қауіпсіздігі жөніндегі директор алып жүрді. Барлық негізгі бизнес – бағыттар (уран, тантал, ниобий және бериллий) сондай – ақ менеджмент жүйесінің барлық үдерістері тексерілістен өтті.
Аудит қорытындысы бойынша тексеру барысында бір де бір ауытқушылық (сын ескерту) анықталмаған, сондықтан аудиторлар «ҮМЗ» АҚ қолданыстағы (ИМЖ) ISO 9001:2008, ISO 14001:2009, OHSAS 18001:2007 халықаралық стандарттар сәйкестігін растайтын жаңа сертификат беру туралы сертификаттау жөніндегі мекемеге нақты ұсыныс беріледі. Сертификат жыл сайынғы аудит бақылау аудиттерінен табысты өткеннен кейін үш жыл мерзімге беріледі.
Тексеру нәтижелерін шығару кезінде аудиторлар сараптау барысында жүйелік сипаты жоқ екі ескерту бергені, менеджмент жүйесі қызметін жақсартуға бағытталған ұсыныстардың берілгендігі туралы атап айтты. «ҮМЗ»АҚ ұжымына айқынды және жолға қойылған жұмыстары үшін алғыс білдіреді.
«ҮМЗ» АҚ менеджмент жүйесінің тарихы аз еместістігіне қарамастан – сапа менеджмент жүйесі бойынша алғаш сертификат 1998 жыл берілді – жетілуге және сертификаттын қолданылуын табысты растауға мүмкіндік беретін үлкен тәжірибие жинақталған.
Алда бізді өндірістік үрдістерді және менеджмент жүйесін жақсарту бойынша күрделі жұмыстар күтіп тұр, сондықтан 2015 жылғы нұсқадағы халықаралық стандарттарға сәйкестік деңгейіне жеткізуге міндеттіміз.
«ҮМЗ - ақпарат»