11-13 қарашада Минскте (Беларусь) Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану бойынша ТМД елдері комиссиясының 15-отырысы өтті.
Кездесуге Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей елдерінің ресми өкілдері қатысты. Отырыста біздің елді ҚР Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті төрағасының орынбасары Тимур Жантикин таныстырды.
Одан басқа, отырысқа «Росатом», «Ростехнадзор» және Тәжікстан Республикасы Ғылым Академиясының жанындағы Ядролық және радиациялық қауіпсіздік бойынша агенттілігінің өкілдері қатысты.
Комиссия қатысушылары атом энергетикасын бейбіт мақсатта пайдалану, ядролық зерттеу қондырғыларын қолданудың қауіпсіздік жүйесі, ТМД елдерінде ядролық медицинаны дамыту, кадрларды дайындау мәселелері және т.б. өзекті мәселелерді қарастырды және талқылады.
Кездесу шеңберінде ТМД өкілдері Островец қаласында орналасқан Беларусь АЭС саяхат жасады. Қатысушылар Беларусь АЭС 1 және 2 блок құрылысының графигімен танысты.
kaenk.gov.kz