10 сәуірде «ҮМЗ» АҚ Басқармасы Төрағасы Юрий Шахворостовтың кәсіподақ активтерімен және зауыттың Жастар бірлестігінің мүшелерімен кезекті кездесуі болып өтті. Кездесуде 2014 жылғы бірінші тоқсанның жұмыс қорытындысы, кәсіпорын болашағы туралы сөз қозғалды. Негізгі өндірістің қызметі мен олардың жұмыс перспективасы мұқият талданды, өндірістік қауіпсіздік пен еңбекті қорғау жүйесіне жоғары баға берілді. Үмз-нің Өскемен қаласының металлургиялық кәсіпорындары арасында еңбекақы төлеу деңгейі бойынша бірінші орын алатыны аталып өтілді. Ұжымдық шарт бойынша кәсіпорын әкімшілігі өзіне алған міндеттемелерін жылдың алғашқы үш айында уақытылы және кідіріссіз орындады. Үлбіліктер жәрдемақылар мен әлеуметтік өтемақыларын зауыт тіршілігін реттейтін еліміздің қолданыстағы заңнамасына сәйкес алуда. Жиыны қызметкерлер мен зейнеткерлерге арналған әлеуметтік жеңілдіктерге, өтемақыларға, медициналық қызмет көрсетуге тоқсан ішінде 92 жарым миллион теңгеден астам қаражат жұмсалды.Кездесу соңында «ҮМЗ» АҚ БасқармасыТөрағасы әдеттегідей үлбіліктердің сұрақтарына жауап берді. Бұл іс-шара көтеріңкі көңіл күймен аяқталды. Юрий Шахворостов кәсіпорын кәсіподағының дене шынықтыру-сауықтыру тобының жетекшісі Сергея Голубниченконы Қазақстан Республикасының «Құрметті спорт қайраткері» атағымен құттықтады және қол шапалақтаулар қошеметімен атақты растайтын белгіні тапсырды.

 «ҮМЗ» баспасөз қызметі