2015 жылғы 24-28 қараша аралығында ҚР Ұлттық ядролық орталығы мамандарының Toshiba және Marubeni Utility Services, Ltd компанияларының өкілдерімен CORMIT (Corium and Refractory Materials Interaction Test) және “Fukushima Debris” ядролық реакторларының қауіпсіздігі саласында ҚР ҰЯО-да орындалып жатқан жобалар бойынша жұмыс кездесуі болып өтті. Кездесу Жапонияның Йокогама қаласындағы Toshiba компаниясының кеңсесінде өткізілді (Isogo Engineering Center, Yokohama, Japan).
Кездесу шеңберінде ірі ауқымды (ЛАВА-Б) және кіші ауқымды (ВЧГ-135) эксперименттердің тұжырымдамалары мен олардың орындалу жағдайлары, жүргізіліп жатқан кешенді материалтану зерттеулерінің нәтижелері, алдағы уақыттағы зерттеулердің жоспарлары және т.б. талқыланды. Бұдан басқа, “Fukushima Debris” жобасы бойынша кеңес шеңберінде арнайыландырылған әлемдік басылымдарда жүргізіліп жатқан зерттеулер бойынша бірлескен жарияланымдар жариялау мәселесі талқыланды.
Toshiba компаниясының мамандары ҚР Ұлттық ядролық орталығында жүргізілетін зерттеулердің мәнділігі мен алынған нәтижелердің Fukushima реакторларындағы ауыр апаттардың салдарын жоюдағы, сол сияқты жалпы ядролық реакторлардың қауіпсіздігін арттырудағы маңызын тағы да атап көрсетті.
ҚР Ұлттық ядролық орталығы атынан кеңес жұмысына бас директордың ғылым жөніндегі орынбасары М.Қ.Сқақов, ҚР ҰЯО АЭИ филиалы директорының ядролық технологиялар жөніндегі орынбасары А.А.Колодешников, ҚР ҰЯО АЭИ филиалы директорының материалтану зерттеулері жөніндегі орынбасары В.В.Бакланов, реакторлық сынаулар бөлімінің бастығы В.А.Зуев қатысты.
ҚР ҰЯО