Үкімет басшысын кәсіпорынның жұмысымен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Владимир Школьник таныстырды. С.Ахметов фотоэлектрлік пластин өндіру цехын көріп, технологиялық жабдықтарды құрастыру барысымен, кәсіпорынның болашақтағы өндіретін өнімімен танысты.

 

 

Зауытта Қазақстан үшін өнімнің жаңа түрі - фотоэлектрлік пластиндер шығарылатын болады. Өндіріс негізгі шикізаты ретінде қазақстандық кремний пайдаланылатын Франция технологиясы арқылы жүзеге асырылады.