«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев Украинаның энергетика және көмір өнеркәсібі министрі Игорь Насаликпен кездесті. Бұл министрлік делегациясының Қазақстанға жасаған сапарынан кейінгі екінші кездесу болды.
Қазақстанның атом компаниясы мен Украинаның энергетикалық мекемесінің басшылары ынтымақтастық векторларын анықтап берген бұрынғы кездесудің тиімділігін атай отырып, атом энергетикасы саласындағы бұдан былайғы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Кездесуде негізінен украиналық реакторларға арнап ядролық отын өндіру мәселелеріне назар аударылды. Игорь Насалик украиналық АЭС-тер қажетін қанағаттандыру үшін Қазақстан аумағында жылу бөлгіш құрамалар (ЖБҚ) шығаруды өзара тиімді ұйымдастыруға мүдделі және оған дайын екендігін айтты. Өз кезегінде Асқар Жұмағалиев бұл саладағы ынтымақтастықтың өндірісті әртараптандыру бойынша компанияның стратегиялық міндеттеріне сәйкес Қазатомөнеркәсіп үшін үмітті қадам екенін атап өтті. Сондай-ақ, тараптар осы мәселені қос тарап үшін де аталмыш жобаның экономикалық тиімділігі тұрғысынан бірлескен жұмысшы тобы аясында егжей-тегжейлі үйреніп шығуға уағдаласты.
Министр И. Насалик Украина алдында ядролық отын және оның құрамдас бөліктерін жеткізуді әртараптандыру міндеті тұрғанын, сол себепті Қазақстан байытылған уран түріндегі уран өнімдерін жеткізіп беру бойынша сенімді серіктес болуы мүмкіндігін атап көрсетті.
Сонымен қатар, кездесуде уран өндіру және ион алмастырушы шайыр жеткізіп беру саласындағы ынтымақтастықтың мүмкіндіктері сөз болды.
Еске сала кетсек, тамыз айында Украинаның энергетика және көмір өнеркәсібі министрі Игорь Насалик басшылығындағы делегация Қазатомөнеркәсіп кеңсесіне келген болатын. Ұлттық атом компаниясының басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев қатысқан кездесу аясында тараптар атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастық мәселелерін кеңінен талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша ынтымақтастық жөніндегі ұсыныстарды терең талдаумен шұғылданатын жұмысшы тобы құрылған.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ