29 қазан күні Үлбі металлургиялық зауыты 65 жылдық мерейтойын атап өтеді. Зауыт тарихи 1949 жылғы қазанның 29-ынан – кәсіпорынның алғашқы өнімі – торий оксалаты шығарылған күннен бастау алады. КСРО Атом жобасы аясында құрылған ҮМЗ еліміздің ядролық индустриясындағы алғашқылардың біріне айналды. Ізінше бериллий, тантал және уран өнімдерін шығаратын өндірістер орындары бірінен соң бірі ашылды. ҮМЗ-да жұмыс істеу үшін беделді жоғарғы оқу орындары өздерінің үздік түлектерін аттандырды. Үлбіліктердің көп санды ұжымы алға ұмтылып, өндірісті жетілдірді, өнімнің жаңа түрлерін меңгерді.

ҮМЗ ұжымын мерейтоймен құттықтаған «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Қаппаров еліміздің ядролық саласы алдында тұрған жауапты міндеттерді шешудегі кәсіпорын рөліне тоқталды.

– Қазатомөнеркәсіп құрамында жұмыс жүргізетін кәсіпорынға қазіргі таңда ядролық отын циклындағы буындардың барынша көп санына ие компания құрудай маңызды міндет жүктелген. ҮМЗ жоғарғы технологиялық уран, тантал және бериллий өнімдерімен халықаралық нарықта Қазақстан атын лайықты танытып келеді. Бұл істің барлығы көп білім мен тәжірибені, терең біліктілікті талап етері анық, мұның бәрі үлбіліктерде бар екені күмән туғызбайды.

Зауыт ардагерлері мен қызметкерлеріне қарата сөйлеген «ҮМЗ» АҚ басқарма төрағасы Юрий Шахворостов:

– Үлбіліктер еңбекте әбден шыныққан, қиындықтардан тайсақтамайды – ардагерлерге тән осы қасиеттер жаңа экономикалық жағдайларда зауыттықтардың қазіргі буынына да өз соқпақтарын салуға көп көмегін тигізуде. Кәсіпорын өнімнің жоғары сапасын сақтай және оның тізбектемесін кеңейте отырып, ұзақ мерзімді жобаларды дәйектілікпен іске асырып келеді.

 yk.kz