29 қазан күні Үлбі металлургиялық зауыты өзінің 66 жылдық мерейтойын атап өтті. Зауыт тарихының басталу сәті, 1949 жылғы 26 қазанда бірінші өнім - оксалат торийдің алынған күні деп саналды. Бүгінгі күні Үлбі металлургиялық зауыты – өнімі мен шикізаты бүкіл әлемге танылған бірегей кәсіпорын.
«ҮМЗ» АҚ ұжымын құттықтаған, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма Төрағасы Асқар Жұмағалиев, Қазатомөнеркәсіп ҮМЗ алдына кәсіпорынды әртараптандыру және ядролық отын циклінің реакторға дейінгі барлық кезеңіне кіруіне үлкен рөл бөлінгендігін айтып өтті:
ҮМЗ алдағы уақытта, ұзақ мерзімді жобаларды жүзеге асыруын, шығарылатын өнімнің жоғары сапасын және технологиялық мүмкіндіктерді кеңейтуді көріп отырмыз.
ҮМЗ алдына өндірісті қайта құру бойынша ауқымды өзгерістерді талап еткен, аса күрделі тапсырмалар қойылған. Ал ҮМЗ ең басты қазынасы – ол адамдар, өз тәжірбиесі мен салт-дәстүрін жаңа ұрпаққа қалтыратын, өз ісінің шеберлері. Бұл қасиет, үлбіліктерге тән қасиет.
- Өткен он жыл ішінде зауыт өте үлкен жолдан өтті. Алайда әр уақытта өзгеріссіз қалатын – ол өз ісіне адал қарайтын кәсіпқой ұжым мен өз кәсіпорнына деген зауыттықтардың махабаты деді - кәсіпорын қызметкерлері мен ардагерлер алында сөйлеген сөзінде «ҮМЗ» АҚ Басқарма Төрағасы Юрий Шахворостов.
Зауыттың туған күніне орай ҮМЗ жыл сайын, адал және шығармашылық еңбектерімен ортақ іске белсенді қасып, үлкен үлес қосқандарды марапаттады. Биыл Зауыттың Құрмет кітабына өндіріс қауіпсіздігі жөніндегі директор қызметінің қоршаған ортаны қорғау бөлімінің бастығы Дмитрий Слободин мен Уран өндірісінің «В» цехтың энергетигі Виктор Коротиннің аты – жөні жазылады. «Зауыт ардагері» атағы 10 зауыттыққа берілді. 10 қызметкер Құрмет грамотасымен, 87 – алғыс хаттармен марапатталды. Сонымен қоса, зауыттың барлық қызметкерлеріне кәсіби мерекеге орай ақшалай сыйлықақы төленді.
ҮМЗ мерейтойына орай дәстүрлі іс - шаралар өткізіледі. Аты ағызға айналған зауыттың директор В.П. Потанин мен Ортамаш министірі Е.П. Славскийдің ескерткішіне, КСРО Мемлекеттік сыйлық иегері, КРСО өнеркәсіп және атом энергетикасының министрі, ҮМЗ еңбегі сіңген қызметкері Виталий Коноваловтың мемориалдық тақташысына гүл шоқтарын қою рәсімі өткізілді.
Мерекелік іс – шаралар «ULBA»ОМҮ өтетін театрлық кешпен аяқталады. Кеш бағдарламасында мәскеу театрының әртістері ойнайтын детективтік комедия және ойын – сауық бағдарламасы мен мерекелік дискотека.
«ҮМЗ» АҚ