JAEA орындаушы директоры Нобуюки Йошиданың басқаруымен Жапон делегациясының келуі JAEA және ҚР ҰЯО арасындағы қызметтестіктің жаңа кезеңінің басталуын білдіреді. Кездесу барысында тараптар қауіпсіз атом энергетика саласында зерттеуді жалғастыратын EAGLE-3 жаңа жобасын жүзеге асыруды талқылады.

Сапар барысында делегация Ұлттық ядролық орталық объектілеріне барды – ИГР ЗРК, EAGLE тәжірибелік қондырғысы, Токамак КТМ, ССП мұражайы және басқа объектілер. EAGLE-3 жаңа жобасының шеңберінде тәжірибелерді 2015 жылдың екінші жарты жылдығынан жүргізуді жоспарлады. Пікірсайыс барысында жобаның барлық ұйымдастыру және техникалық мәселелері талқыланды.

— Жапонияда JAEA, атом энергетикасы қауіпсіздігінің мәселелерін зерттеу саласында біздің бас әріптестердің бірі болады. Біз қоп жылдар бірлесе жұмыс істеген JAEA және ҚР ҰЯО мамандардың арасындағы пайда болған мейірімді қарым-қатынасты жоғары бағалаймыз. Бүгінгі күні EAGLE жобасы – бұл ҚР ҰЯО ең ұзақ мерзімді, көп жоспарлы және нәтижелік халықаралық жоба, - деп ҚР ҰЯО РМК бас директоры Эрлан Батырбеков атап өтті.

JAEA бірлескен жұмысы өткен ғасырдың 90-шы жылдардың аяғында EAGLE-1 жобасынан 17 жылдан аса бастылды. JAEA және ҚР ҰЯО қызметтестік шеңберлерінде ұқсас апаттардың нәтижелерін тоқтату мүмкіндігін растайтын жылдам реакторларда ауыр апаттың өту үдерісі туралы бірегей тәжірибелік нәтижелер алынды.
 

ҚР ҰЯО