Үлбі металлургиялық зауыты өнертапқыштарының ұжымы «РАЦИОНАЛИЗАТОР.KZ» республикалық конкурсының «Үздік өнертапқыштық ұсыныс» номинациясы бойынша финалға шықты.
ҮМЗ қызметкерлері конкурсқа бесінші жыл қатысып отыр. Биылғы жылы өнертапқыштық ұсынысты тантал өндірісінің жаңашылдары түсірді: №69 цехтің бастығы Александр Ангилевко; конструкторлық-технологиялық топтың инженер-технологы Николай Лебедев, №10 цех бастығының орынбасары-технолог Виктор Цораев және Орталық ғылыми-зерттеу зартханасының металлургиялық процестер тобының басшысы Геннадий Гайнцев.
Конкурсқа «Түрлендіруші қоспа ретінде иттрий оксидінің орнына металл иттрийін қолдану жолымен тантал құймалары өндірісі технологиясын өзгерту» жұмысы тапсырылды.
Үлбі металлургиялық зауытында иттриймен түрлендірілген өнімдер шығарылады: қаңылтарлар, таспа, фольга, конденсатор сымы, жоғары температура жағдайында жұмыс істейтін бұйымдар. Жуық уақытқа дейін иттриймен қоспаланған танталдан жасалған құйманы балқытқанда доғалы вакуумды гарнисажды пештерде түрлендіруші қоспа ретінде иттрий оксиді пайдаланылып келген. Өнертапқыштық ұсыныстан кейін технология өзгерді және танталды иттрий оксидінің орнына металл иттрийін қосу жолымен түрлендіретін болды.
Нәтижесінде, металл иттрийін қосу өнім сапасының жақсаруына – танталдың дайын құймаларындағы оттек қоспасының массалық үлесін азайтуға жол ашты. Сонымен қатар, иттрий оксидінен металл иттрийіне көшу реагенттер шығынын айтарлықтай төмендеттті. Жаңалықты ендіруден жалпы экономикалық үнем жылына 13 жарым миллион теңгеден астам қаражатты құрайды.
«РАЦИОНАЛИЗАТОР.KZ» конкурсын Индустрия және жаңа технология министрлігінің қолдауымен бесінші жыл бойы «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» өткізеді. Конкурс«Үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы» аясында өтеді. Финалисттер екі номинация бойынша анықталады: «Жылдың үздік өнертапқыштық шешімі» және «Кәсіпорында өнертапқыштықты қолдаудың үздік жүйесі».
2011 жылы «Үлбі металлургиялық зауыты» акционерлік қоғамы «Рационализатор.KZ» республикалық өнертапқыштық шешім конкурсының «Кәсіпорында өнертапқыштықты қолдаудың үздік жүйесі» номинациясы бойынша жеңімпаз болған.
«ҮМЗ» АҚ Баспасөз қызметі