31 мамыр күні облыс әкімі Амандық Баталов басшылық еткен Алматы облысының делегациясы облыс күндері шеңберінде ШҚО Үлбі металлургиялық зауытында болып қайтты. Қонақтарды ШҚО әкімі Даниал Ахметов алып жүрді.
«ҮМЗ» АҚ Басқарма Төрағасы Юрий Шахворостов қонақтарды зауыттың көрме – ақпараттық орталығында қарсы алды. Ол зауыттың тарихы, оның өндірістік қызметінің негізгі бағыттары, уран, бериллий және тантал өнімдерін шығаратын бірлескен үш өндірістің - ҮМЗ ерекшілігі туралы әңгімелеп берді. Қонақтарға кәсіпорында өндірілетін өнім үлгілері көрсетілді. ҮМЗ жұмыс барысында қолданылатын металдар қасиеттері туралы зауыт басшысының әңгімесі, делегация мүшелерінің қызу түрде қызығушылықтарын танытты.
Ағымдағы және болашақ жоспарлар туралы айтқан Юрий Викторович жылу бөлгіш құрамаларды шығару өндірісін құру және «Танталдан жасалған имплантаттар мен құрамында тантал қорытпасы бар өнімдерді шығару технологиясын дайындау» жобасының жүзеге асырылуына толығырақ тоқтала кетті.
Кейіннен делегация мүшелері салынып жатқан МАГАТЭ төмен байтылған уран банкінде және тантал өндірісінің № 10 цехында болып қайтты. Онда оларға сыйымдылығы жоғары тантал ұнтақтарын дайын үрдісі көрсетілді.
Екі күндік іс-сапар қортындысы бойынша ШҚО әкімі Даниал Ахметов және Алматы обласынан келген әріптесі Амандық Баталов өңірлердің әлеуметтік - экономикалық серіктестік туралы меморандумға қол қойды.
«ҮМЗ» АҚ баспасөз қызметі