Бұл жөнінде «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев Лондонда өтіп жатқан Бүкіл әлемдік ядролық қауымдастық (WNA) Симпозиумында мәлімдеді.

«Қазатомөнеркәсіп өндіретін табиғи уранның өзіндік құны – әлемдегі ең арзандар қатарына жатады, дегенімен біз ұсыныстардың шамадан артық болуына байланысты нарықта орын алған ахуалды екере отырып, өндіріс ауқымын арттыру қажеттілігін көріп отыған жоқпыз», - дейді Асқар Жұмағалиев.

Сонымен қатар, ұлттык атом компаниясының басшысы өндіріс ауқымы қазіргі деңгейде сақталатын болса, елдегі уран қоры 60-70 жылға дейін жетеді, ол салынып жатқан 59 реактор мен жобаланып отырған 168 реактордың сұранысын қанағаттандыратын құнды қор болып табылады, деп мәлімдеді.

Сондай-ақ, Симпозиум барысында Асқар Жұмағалиев жиын қатысушыларына Қазатомөнеркәсіпте өткізіліп жатқан Трансформация бағдарламасы туралы және келесі жылы Астана қаласында өтетін «Экспо-2017» халықаралық көрмесі шеңберінде компания әріптестерімен бірлесіп атом павильонын салатыны жөнінде баяндады.

Бүкіл әлемдік ядролық қауымдастық (WNA) Симпозиумы барысында Қазатомөнеркәсіп басқарма төрағасы атом саласының ірі компания басшыларымен кездесулер өткізіп, алдағы әріптестік жөнінде келіссөздер жүргізгенін атап өту керек.
 

Қазатомөнеркәсіп