Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры жыл сайын «Үздік Жас ғалымдар кеңесі» атағына Қазақстан Республикасының ғылыми ұйымдары мен жоғары оқу орындарындағы Жас ғалымдар кеңесінің республикалық конкурсын өткізеді.

Биылғы жылы конкурстық комиссияның шешімімен ҚР Ұлттық ядролық орталығы Жас ғалымдары мен мамандарының кеңесі жеңімпаз атанды.

ҚР ҰЯО Жас ғалымдары мен мамандарының кеңесі кәсіпорынның міндеттерін іске асыру шеңберінде ғылыми және кәсіби қызметті белсенді жүргізетін жастардан тұрады. Кеңесті Атом энергиясы институтының ғылыми қызметкері Арман Миниязов басқарады. Кеңес жас қызметкерлердің мүдделерін қолдау мен қорғау, олардың идеялары мен ұсыныстарын ілгерілету бойынша үлкен жұмыстар өткізіп тұрады. ҚР ҰЯО РМК жас ғалымдары мен мамандарының жыл сайынғы ҒЗТКЖ конференция-конкурсын ұйымдастыруға қатысады.
 

ҚР ҰЯО