«ҮМЗ» АҚ Бериллий өндірісі №1 цехы химиялық-металлургиялық бөлімшесінің бастығы Александр Свериденко «Жылдың ең үздік металлургы» атты номинацияда «Алтын Гефест» ҚР ұлттық салалық конкурсы жүлдегерінің сертификатына иеленді.

Сайыстың шеңберінде ұлттық премияға үздік кәсіпорындар мен таукен-металлургиялық кешеннің қызметкерлері, сондай-ақ жобалық, ғылыми мекемелердің мамандары және таукен-металлургиялық кешендегі кәсіпорындардың қызметін жарыққа шығаратын тілшілер лайық деп табылды.

– Шынымды айтсам, «Жылдың ең үздік металлургы» атты номинацияда мен үш ең үздіктердің қатарында болғаным, мен үшін, күтпеген жағдай болды - деп Александр Свериденко айтты. - Бериллий өндірісінің басшылығы сайысқа қатысуға менің кондидатурамды ұсынғанына қатты қуандым. Ал сайыстың номинанты болу деген ардақты және беделді.

«Ардақты» және «беделді» сөздеріне «еңбегіне лайық» сөзін сенімділікпен айтуға болады. Александр Свериденко үшін бұл шынымен лайықты марапат. Ол беріле жұмыс істейтін және нәтижеге қол жеткізетін адамдар қатарына жатады.

«ҮМЗ» АҚ-да жұмыс істеген уақыты ішінде өзін ұқыпты және адал қызметкер, жоғары дәрежелі білікті маман ретінде танытты» сипаттамасындағы ісі бойынша ұстамды бағаларға, расымен, бәріненде ісін құрметтейтін, түрлі тәсілдерді қолданып мәселені шешетін және қажетті нәтижеге қол жеткізетін адам лайықты болады. Бұл үшін Александр Свериденкода ҮМЗ Бериллий өндірісінің жұмысы жөнінде білімі мен тәжірибесі бар.

Университетті бітіргеннен кейін Александр Свериденко аппаратшы болып істеген. Жүре-бара технологияның ерекшеліктерін түсініп, ХМБ ауысым мастері, бөлімше технологы болды, сондықтан ол жартылай фабрикаттар мен дайын өнімді алу үдерісін жүргізудің барлық нюанстарын біледі. Қажет болса, Александр Владимирович қазірде аппаратшымен бірге балқыту үдерісінің түрлі кезеңдерінде қатысады, өйткені, оның ойынша, «өз қолыңмен қалай жасау керегін білгенде ғана дұрыс шешімге келе аласың, жалғыз теориямен қам болмайсың».

Алайда Александр Свериденконың теориялық білімі де кем емес. Айтуы бойынша, ол техникалық әдебиетті әрдайым жаттайды. Бұдан басқа, түсті металлургиямен байланысты мәселелер талқыланатын сайттар мен кәсіби форумдардың белсенді қатысушысы. Бұған қоса, осы сайттар мен форумдардың көбі ағылшын тілінде. Алайда, біздің кейіпкеріміз аудармамен қиналмайды, себебі Александр Владимирович «Аударма ісі» мамандығы бойынша екінші жоғары білімін алған.

Бөлімше басшылығының айтуы бойынша, Александр Свериденко тазартылмаған, техникалық бериллийді, бериллий құрамдас қоспалар мен лигатураларды алудың қолданыстағы үдерістерін жетілдірумен айналысады, жаңа өнімнің – 2,5- пайызды бериллий құрамдас мыс-бериллий лигатурасының өндірісін қоса меңгереді.

- Бізде жақсы мамандар тобы жиналды, оған бөлімше технологы, бөлімшенің аға мастері, басқа қызметкерлер кіреді. Көбінесе, мәселенің шешімін табу үшін, ақылдылар сарабын өткіземіз, барлық пікірлерді, ұсыныстарды тыңдаймыз, соңынан ең қолайлысын таңдаймыз – деп Александр Владимирович айтады. - Сайысқа қатысуға менің кондидатурамды ұсынып, маған үлкен сенімділік артты. Сайыстың жүлдегері болып, мен үлкен жауапкершілікті де сезінемін. Осының бәрін ақтауым керек.
 

ҮМЗ