Қаңтар айының басында «ULBA» ОМ - де «ҮМЗ» АҚ Басқарма Төрғасы Юрий ШАХВОРОСТОВТЫҢ зауыттың еңбек ұжымымен биылғы жылғы алғашқы кездесуі болып өтті. Жиналғандар ҮМЗ жұмысына жалпы қорытынды жасаған және әр негізгі өндіріс қызметіне талдау жүргізген кәсіпорын басшысын назар салып тыңдады. Өз баяндамасында Юрий Шахворостов биылғы жылы жалғасын табуы тиіс зауытты дамытудың стратегиялық бағыттарын жүзеге асыруға үлкен көңіл бөлді. Кездесуде өндірістік сұрақтардан басқа, әлеуметтік мәселелер де қарастырылды. 2013 жылы Ұжымдық шартқа сәйкес өзіне қабылдаған міндеттемелерін әкімшілік толығымен орындап шықты. Бұдан өзге, жас және біліктілігі жоғары қызметкерлерге баспана алуға және тұрғын үй жағдайын жақсартуға профильден тыс жылжымайтын мүлікті өткізу есебінен пайызсыз займ бөлуге байланысты өте маңызды жоба жүзеге асты. Кездесу соңында зауыттықтардың сұрақтарына жауаптар қайтарылды.

 

«ҮМЗ» баспасөз -қызметі,