Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Ядролық физика институты» ядролық және радиациялық технологияларды дамыту, «Ядролық медицина және биофизика орталығын» құру, сондай-ақ онкологиялық және басқа да ауруларды диагностикалау мен емдеуге арналған радиофармпрепараттарды өндіру ісіне қосқан үлесі үшін «Инновациялар, Жаңғырту және Дамыту» номинациясы бойынша ұлттық көшбасшы ретінде танылды.

2018 жылғы 20 қарашада Алматы қаласында жыл сайын өтетін 19-шы «Человек года – Алтын Адам» жобасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтіп, «Қоғамдық танылу» және «№ 1 Жыл таңдауы» құрмет медальдері берілді. «Человек года – Жыл таңдауы» фестивалінің аясында әртүрлі номинациялар бойынша «Человек года – Алтын Адам» ұлттық сыйлығы табысталды, сондай-ақ осы жылы алғаш рет «Инновациялар, Жаңғырту және Дамыту» Еуразиялық марапатымен сынамалы түрде марапаттау рәсімдері өтті.

Ядролық физика институты