Жапониядан келген Chiyoda Technol Corporation» (СТС) компаниясының делегациясы 2017 жылдың 30 қаңтары – 3 ақпаны аралығында ЯФИ РМК болып кетті. Жапония делегациясын компанияның президенті Ямагучи Казухико (YAMAGUCHI Kazuhiko) басқарып келді. 2016 жылдың қарашасында Жапонияға Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ресми сапары барысында «ЯФИ» РМК мен СТС арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойғаннан кейінгі бұл аталмыш ұйымның басшылары мен мамандарының екінші кездесуі. Бірінші кездесу Жапонияда 2016 жылы желтоқсанда өткен болатын.
Кездесу шеңберінде келесі бағыттарда ынтымақтастықты дамыту бойынша нақты қадамдар талқыланды:
• радиоизотоптарды өндіру және жеткізу;
• нейтрон-қоспаланған кремний өндірісі;
• иондаушы сәулелену дозиметриясы әдістерін дамыту және дозиметрия саласында мамандар даярлау;
• ССР-Қ реакторын пайдалана отырып бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу.

Радиациялық технологияларды қауіпсіз қолдану саласындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы ЯФИ РМК мен СТС арасындағы Атқару келісімінің мәтіні бірлесе отырып дайындалды.
Делегация өкілдері ССР-Қ ЗРК және Ядролық медицина және биофизика орталығының радиофармпрепараттар өндірісі корпусында болды.
Іссапар қорытындылары бойынша кездесу хаттамасына қол қойылды.
 

ЯФИ