2016 жылдың 26 мамырында институтқа жұмыс сапарымен АҚШ National Nuclear Security Administration (NNSA) конверсия бөлімі директорының орынбасары – Jessica HALSE, Reduced Enrichment for Research and Test Reactors (RERTR) бағдарламасының техникалық директоры – Jordi ROGLANS-RIBAS және NNSA Есепке алу және бақылау бөлімінің аспиранты – Andrew BROWN келді.
Қонақтар ССР-Қ реакторында болды, онда сол уақытта энергетикалық іске қосу болып жатты. Олар басқару пультын және реактордың NNSA жәрдемімен сатып алынған жаңа жабдығын қарап шықты.
Кейін болған әңгіме барысында, Jessica HALSE және Jordi ROGLANS-RIBAS ЯФИ орасан зор жұмыс жүргізілгенін және ССР-Қ реакторы конверсиясының үлкен халықаралық маңыздылығын атап өтті.
Біздің институттың реактор конверсиясына дайындық кезінде Аргонн ұлттық зертханасымен болған табысты ынтымақтастығы аталып өтті. Джессика NNSA ЯФИ мен АНЛ арасындағы келісім шеңберінде одан әрі ынтымақтастыққа әзір екенін растады.
Jordi ROGLANS-RIBAS Америка Құрама Штаттарының Энергетика министрлігі өткізетін RERTR-2016 Зерттеу және тестік реакторларында байытуды төмендету жөніндегі 37-ші халықаралық кеңесінде ССР-Қ реакторының конверсиясы туралы баяндама жасауды ұсынды.
ЯФИ