2016 жылы 6 мамырда Ядролық физика институтында Жеңіс күніне және Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Институттың қызметкерлерін Ядролық физика институты бас директорының бірінші орынбасары П.В. Чакров және кәсіподақ комитетінің төрағасы В. Джазаиров-Кахраманов мерекемен құттықтады.

Жеңістің 71 жылдығын мерекелеуге байланысты бас директордың бірінші орынбасары П.В. Чакров өз сөзінде Ұлы Отан соғысындағы барлық ауыртпашылықтар мен мұқтаждықтарды Қазақстан халқы естіп қана емес басынан кешіргенін айта отыра, өткен ғасырлардың қасіретті қателіктерін қайталауға жол бермей, әлемді соғыс қатерінен түпкілікті арылту үшін бүкіл әлем үкіметтерінің, саясаткерлерінің, ғалымдарының, бизнесмендерінің, өнер қайраткерлерінің және миллиондаған адамдарының күш жігерін жұмылдыруға шақыратын Қазақстан Республикасының Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Әлем. XXI ғасыр» атты манифестінің өзектілігін атап өтті.

Салтанатты жиналыстың аяқталуынан кейін Институттың қызметкерлерінің қатысуымен мерекелік концерт өткізілді.
 

Ядролық физика институты