2018 жылдың 24-28 қыркүйегі аралығында ЯФИ Ядролық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталығының базасында атом энергиясы пайдаланылатын объектілердегі физикалық қорғаныс жүйелерін әзірлеуге, орнатуға және техникалық қызмет көрсетуге жауапты мамандарға арналған «Ядролық материалдар мен қондырғыларды физикалық қорғау негіздері» оқу курсы өткізілуде. Қазақстан, АҚШ және Жапониядан келген нұсқаушылар курс тыңдаушыларына арнап теориялық және практикалық дәрістер жүргізуде.
 

ЯФИ