ҚР Ұлттық ядролық орталығы МАГАТЭ мен Корея ядролық қауіпсіздік институтының (КЯҚИ) ядролық қондырғыларды орналастыру алаңдарын бағалау мәселелері жөніндегі семинарына қатысты.
Семинар Корея Республикасының Тэджон қаласында әлемнің 20 елінің: Индонезия, Малайзия, Қазақстан, Вьетнам, Тайланд, Филиппин, Буркина Фасо, Кот-д’Ивуар, Эфиопия, Габона, Гана, Кения, Мадагаскар, Мали, Тунис, Судан, Иордания, Уганда, Оңтүстік Африка, Нигерия, Сенегал және Марокко елдері өкілдерінің қатысуымен өтті.
Талқылау барысында бірнеше бағыттар, атап айтқанда: ядролық қондырғы орналасқан алаң ауданында болуы мүмкін табиғи немесе адам туындатқан оқиғалардың салдары, радиоактивті материалдың таралуына әсер етуі мүмкін алаң мен қоршаған ортаның сипаттамасы, сондай-ақ қатерлерді бағалау қажеттілігі қаралды.
ҚР ҰЯО