«Қазақстан Республикасында ядролық материалдар мен иондаушы сәуле шығару көздерін есепке алу мен бақылаудың мемлекеттік жүйелерін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 22 шілдедегі № 769 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1520 қаулысы шықты. Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Жариялым туралы ақпарат біздің сайтта қосымша орналастырылатын болады. Қаулының мақсаты ядролық материалдар мен иондаушы сәуле шығару көздерін есепке алу мен бақылаудың мемлекеттік жүйесін ядролық қаруды таратпау режимін сақтау және халыққа немесе қоршаған ортаға залал келтіру үшін қасақана қолдану ықтималдылығын азайту шеңберінде оларды есепке алу мен бақылаудың нақтыланған тәртібін белгілеу арқылы жетілдіру болып табылады. Айтылған Үкімет қаулысы күшіне енгеннен кейін, Атом энергиясы комитетінің сайтында «Қызмет» - «иондаушы сәуле көздері» бөлімінде орналастырылған ИСК есептілік нысандарын пайдалану керек екендігіне Сіздердің назарларыңызды аударамыз.
Kaec.kz