«27 тамыз күні АЭХА бас директоры Юкия Амано елімізде халықаралық Ядролық отын банкін құру туралы келісімге ресми түрде қол қою үшін Қазақстанға келеді. Біз сонымен қатар «алтылық» елдері (Ресей, АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Қытай және Германия) өкілдерін де шақырдық», — дейді Ыдырысов.

Ыдырысовтың айтуынша, Ядролық қару банкін құру Иранға өзінің төмен байытылған уранын жіберуге мүмкіндік береді.

«Бұл элементтердің бірі (Иран мен «алтылық» келісіміне Венада 14 шілде күні қол жеткізілді). Вендық келісімге сәйкес, Иран ол жерге өзінің төмен байытылған отынын жібере алады», — дейді СІМ басшысы.

Ыдырысов қол қою рәсіміне «алтылықтың» Сыртқы істер министрлері, оның ішінде Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров және АҚШ мемелекеттік хатшысы Джон Керри шақырылғанын айтты. Дегенмен олардың қатысу-қатыспауы СІМ басшыларының кестесіне тікелей байланысты болмақ.
 

tengrinews.kz