2016 жылғы 1-4 тамыз аралығында Ұлттық ядролық орталықта ядролық және радиологиялық апаттарға дайындық жөніндегі жыл сайынғы тренинг-курс өткізілді. Курстың мақсаты – радиациялық апатты жағдайларға уақытында және тиімді ден қою шаралары туралы базалық ұғымды қалыптастыру.

Тренинг-курс шеңберінде тыңдаушыларға дәрістер оқылып, практикалық сабақтар жүргізілді.

Дәріскерлер мен нұсқаушылар ретінде бұрын Жапонияда осы сияқты курстарда оқыған ҚР ҰЯО қызметкерлері (А.М. Көбенов, А.И. Перепелкин, С.Е.Сәлменбаев, Е.С. Тур), сондай-ақ Жапонияның Атом энергиясы агенттігінің мамандары (М.Савада және М. Сато) сөз сөйледі.

Аталған курс Жапонияның Атом энергиясы агенттігі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және ҚР Ұлттық ядролық орталығы арасындағы үшжақты келісім аясында 2012 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келеді. Үш жыл ішінде осы курста Ұлттық ядролық орталықтың 48 қызметкері оқыды.
 

ҚР ҰЯО