Кубаның ғылым жөніндегі Мемлекеттiк кеңесiнің кеңесшiсі, Куба ғылым академиясы президентінің орынбасары Фидель Кастро Диас-Баларт өзінің Астанаға сапары барысында Ядролық физика институтының Астана қалалық филиалында болды, онда ДЦ-60 ауыр иондар үдеткішінің және ғылыми зертханаларының жұмыстарымен танысты. Қонақ Астана мен филиал туралы жылы лебіздерін білдірді: «Маған қала жақсы әсер қалдырды, қала өте әдемі және осы орталық сияқты заманға сай мекемелер салынған екен. Алайда 9 жыл ішінде көптеген тартымды жұмыстар жүргізіліпті, бұл болашаққа жақсы негіз болады деп ойлаймын».

ЯФИ