6-шы мамырда Атырау қ. құрамында Бас директор С.Қ. Сахиев пен КЭЗО бастығы Глущенко болған Ядролық физика институтының делегациясы Атырау облысының әкімі Н.А. Ногаевпен кездесті. Кездесуге әкімнің орынбасары С.Ж. Накпаев және облыс әкімі аппаратының басшысы Е.Ж. Баспаев қатысты.

Кездесу барысында облыс басшыларына ағымдағы жылдың маусым айында «Азғыр» полигонына МАГАТЭ Бас директорының орынбасары Т. Варьоранттың сапары жоспарланып отырғаны туралы айтылды. Сапардың болжалды бағдарламасы талқыланды және Т. Варьоранттың Атырау облысына келуін ұйымдастыру мен өткізуге Атырау облысы әкімінің аппараты қатысатындығы жөнінде келісімге келді.

Сонымен бiрге облыс басшылығы «Азғыр» полигонындағы радиациялық жағдайды қалыптандыру және кешендi радиоэкологиялық мониторингілеуді өткізу бойынша Ядролық физика институты жұмыстарының нәтижелерiмен танысты.

Қазіргі уақытта «Азғыр» полигонында, іргелес жатқан аумақтар мен елдi мекендерде радиациялық жағдай тұрақты қалыпта екені және тұрғындардың денсаулығы мен қоршаған ортаға қауiп төндірмейтіні атап айтылды. Өткізілген ашық тыңдауларда, тұрғындар жиындары мен кездесулерінде мониторингтік зерттеулер нәтижелерi бойынша ағымдағы радиоэкологиялық жағдай туралы тұрғындарға және жұртшылыққа үздiксiз дерек беру әлеуметтiк алаңдаушылық пен тұрғындардың радиофобия деңгейін елеулі түрде төмендетуге мүмкіндік береді.
 

Ядролық физика институты