Жапония Атом Энергиясы агенттігі (JAEA) делегациясының «Ядролық энергетика және Радиация» саласында еңбек ресурстарын дамыту шеңберінде ЯФИ РМК сапары
2016 жылдың 20 мамырында «Ядролық физика институты» РМК Реакторлық жобалау, Төтенше жағдайларға ядролық және радиологиялық дайын болу, Қоршаған ортаны мониторингілеу бағдарламалары бойынша нұсқаушыларды даярлау жөніндегі курстардың үйлестірушілері – JAEA қызметкерлері Yoshihiro NAKANO (бас менеджер), Hiroya YOKOYAMA (инженер), Mayuka SHIMADA (хатшы) сапары болды.
Hiroya YOKOYAMA мырза Жапониядағы атом электрстанцияларының қазіргі ахуалы туралы айтып берді.
Yoshihiro NAKANO мырза курс нұсқаушыларын даярлаудан (ITC), одан әрі оқыту курсынан (FTC) тұратын нұсқаушыларды даярлау бағдарламасын (ITP) ұсынды, сондай-ақ Азия елдерінде ядролық энергетика мен радиация саласындағы адам ресурстарын дамытуды қолдау мақсатында өткізілетін ядролық технологиялар семинары туралы, сонымен қатар, ITP 2015 және 2016 жылдардағы қызметі туралы айтып берді.
ЯФИ РМК бас директорының орынбасары проф. Н. Буртебаев институт қызметінің негізгі бағыттары бойынша соңғы жетістіктері мен перспективалары және Қазақстанның атом саласы үшін ядролық ғылым мен техника бойынша мамандарды даярлаудың бірлескен бағдарламалары туралы айтып берді. Қазақстанда нұсқаушыларды дайындау, сондай-ақ курстар өткізу жөніндегі бағдарламаны одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.
Қазақстанның атом саласы үшін кадрларды даярлау саласындағы JAEA және ИЯФ арасындағы келешек ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылды.
«Ядролық физика институты» РМК