Үстіміздегі жылғы 30 қазанда ҚР Ұлттық ядролық орталығының конференц-залында Курчатов қаласының әкімі Дмитрий Гариковтың ҚР ҰЯО РМК жас ғалымдарымен және мамандарымен кездесуі өтті. Іс-шара бейресми түрде өткізілді. «Дөңгелек үстел» басында жастарды қызықтыратын мәселелер талқыланды. Өткен кездесудің қорытындысын жасай келе, қала әкімі жас ғалымдар мен мамандардың қалауын ескере отырып көптеген іс атқарылғанын, алайда жастар жағынан бастама аз екенін атап өтті. Қазіргі уақытқа дейін жастар саясатын, Курчатов қаласын ғылым қаласы ретінде дамыту тұжырымдамасын іске асыру мәселесі шешілмегенін, жас ғалымдардың өтініші бойынша демалыс күндері мәдени-көпшілік және спорттық іс-шаралар көбірек өткізіле бастады, бірақ оларға жастар аз қатысатынын, тегін негізде кез-келген уақытта пайдалануға болатын спорттық залдар да бос тұрғанын айтты. ҚР ҰЯО РМК жас ғалымдары мен мамандарының өкілі Жанат Байғазинов қала әкімімен кездесуге қатысушылардың атынан мемлекеттік органдардың жастар саясатын дамытуға назар бөліп отыратындығы үшін ризашылық білдірді, өз кезегінде кәсіпорын мамандары шетте қалмайтынын, жастарға арналған іс-шараларға қатысуға дайын екендігін білдірді. Кездесуге қатысушылар айына бір рет тақырыптық кештер өткізілуі, қалаға мемлекеттік емес ұйымдарды тартуға мүмкіндік беретін мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыруға қаражат бөлінуі туралы ұсыныс жасады. Бірінші мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс егжей-тегжейлі әлеуметтік зерттеу өткізілуіне байланысты болуы тиіс, оның нәтижесінде «Курчатов қаласы жастарының төлқұжаты» жасалмақ. Кездесудің соңында Димитрий Гариков қаланы дамыту перспективаларын, абаттандыру, аумақтарды жасылдандыру, жаңа мектеп пен ашық аспан астындағы мұражай салу жөніндегі жоспарланған жұмыстарды атап өтті.
 

 www.nnc.kz