ҚР Ұлттық ядролық орталығы қызметкерлерінің жанұясынан 45 бала 2015 жылы Семей қаласының «Радуга» жазғы сауықтыру лагерінде демалды. «Радуга» Семейдің ең жақсы жазғы демалыс лагерлерінің бірі, онда баларды сауықтыру және олардың шығармашылығын дамыту үшін барлық жағдай жасалған. Ертіс өзенінің жағалауындағы табиғаты сұлу қарағайлы орманда орналасқан.

Кәсіпорын қызметкерлерінің балаларының жазғы демалысын ұйымдастыру біздің кәсіпорынның кәсіподақ комитеті мен осы демалыс орнының меншіктенушісі болып табылатын Семей қаласындағы «Балбұлақ» №10 бала бақшасы арасындағы тығыз ынтымақтастықтың нәтижесінде мүмкін болды. Ұлттық ядролық орталық балаларды жеткізу үшін автобус бөліп, жолдама құнының 50%-ы кәсіподақ комитеті арқылы төленді.

Балалар ларгерде демалысын қызықты өткізді, танымдық көңілді ойындарға, жорықтарға қатысып, жаңа достар тапты. Енді жазғы демалыс лагерінде демалу үшін келесі жылды асыға күтеді.
 

ҚР Ұлттық ядролық орталығы