ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалының «Байкал-1» ЗРК басшылығының реакторлар және техникалық мәселелер жөніндегі маманы, инженер-физик Колбаенков Александр Николаевич «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.
Қазақстанда «Еңбек ардагері» («Ветеран труда») медалі 2014 жылғы шілде айында бекітілді. Бұл награда 40 жылдан астам жұмыс өтілі бар, немесе бір салада кем дегенде 10 жыл еңбек еткен еңбек ардагерлеріне, өз ісінің мамандарына, әртүрлі мамандықтардың озат өкілдеріне тағайындалады.
Александр Николаевич өзінің еңбек қызметін 1970 жылы Киров С.М. атындағы Еңбек Қызыл Ту орденді Томск политехника институтын аяқтағаннан кейін бірден бастады.
Жұмыс атқарған жылдары ішінде көп жылдық мүлтіксіз және жемісті қызметі, атом саласына қосқан маңызды үлесі үшін Колбаенков А.Н. сонымен қатар, Достық орденімен, «Атом энергетикасы мен өнеркәсібінің ардагері» ведомстволық еңбектегі ерекшелігі белгісімен, «Атом саласының еңбек сіңірген қызметкері» 1-дәрежелі құрмет төсбелгісімен, «Семей ядролық сынақ полигонының жабылуына 20 жыл» төсбелгісімен марапатталған. Курчатов қаласының Құрметті азаматы.
ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалының