Жолдау ХХI ғасырдағы басты ұстаным бойынша стартегиялық жоспарды жасады, оның жүзеге асуына әр жерлесіміз өз еңбегімен ат салысуы керек. BNews.kz тілшісіне сұхбат берген ҚР Ұлттық инженерлік академияның академигі, «Экоэнергомаш» ЖШС-ның бас директоры Альберт Болотов осындай пікір білдірді. «Жолдаудың әр кезеңінің нақты нәтижесі экономикада жаңа сала құру, агроөнеркәсіп кешенін инновациялық жолға қою, шағын және орта бизнестің дамуына қолайлы жағдай жасау болуы тиіс. Энергия үнемдеуде Еуроодақтың Энергетикалық стратегиясының қателігін қайталамауымыз керек. Сондықтан Қазақстанда тиімсіз жел агрегаттарын орнатпау керек, оның орнына еліміздегі жел энергиясы дәліздеріне отандық инновациялық құрылғыларды қоюға тиіспіз», - деді А.Болотов. Оның айтуына қарағанда, Жолдау бойынша Қазақстанның энергетикалық тәуелсіздігін арттырып, энергетикалық машина жасау саласын дамыту қажет екен «Энергия және энергия үнемдеу саласын дамыту мәселесі бойынша ондаған жылдар жұмыс істедім. Сондықтан елімізге қазіргі таңда жеке ветроэнергетика саласы керек екендігіне сенімдімін. Ол болашақта электрмен қамтамасыз етеді», - дейді сарапшы. Оның айтуына қарағанда «Қазатомпром» ұлттық компаниясына елдегі энергия теңдігін орнату үшін бай ресурстардан жаңартылатын қуат көзіне ауысуға, өндіріс базасы және осы бағытта дамытуға жас кадрларды тарту, қаңқалық материалдармен қамтамасыз етуден бастап автономды көздерді шексіз пайдалануға дейін барлық мүмкіндікті пайдалану керек екен. «ЭКСПО-2017 көрмесін Астанада өткізгенде жасыл экономиканың және болашақ энергиясының дамуындағы біздің жолымызды жұрт назарына ұсынуға мүмкіндік туады. Жолдау ХХI ғасырдағы басты ұстаным бойынша стартегиялық жоспарды жасады, оның жүзеге асуына әр жерлесіміз өз еңбегімен ат салысуы керек», - добавил Альберт Болотов.

BNews.kz