30 наурызда Ресей Федерациясының Атом саласы әйелдерінің бірлестігі биылғы жылы жоғары технологиялық салалар сарапшыларының Women Atom Day жаһандық диалогын өткізді. Кездесу ЕӘФ Кеңесінің «Атом өнеркәсібіндегі әйелдер: даму векторы» жобасы аясында өтті. Қатысушылар арасында Ресей, Қазақстан, Түркия, Филиппин, Танзания, Сингапур, Австрия, Оңтүстік Африка, БАӘ және басқа мемлекеттердің халықаралық әйелдер қауымдастықтарының өкілдері, өнеркәсіп пен технологиядағы әйелдерді қолдау және дамыту жөніндегі халықаралық кеңестің мүшелері болды.

Осы іс-шараға қатысушылар әйелдер мүддесі үшін салалық бағдарламаларды іске асыру бойынша тәжірибе, көзқарастар және үздік тәжірибелермен алмасу үшін бір алаңға жиналып, әйелдердің экономиканың жоғары технологиялық салаларын дамытуға тартылуын талқылады «Қазақстанның ядролық қоғамы» қауымдастығынан диалогқа оның директоры Сейфуллина Т.А. қатысты, ол жастарды жоғары технологиялық салаларды дамытуға тарту саласындағы қауымдастықтың жұмыс тәжірибесімен бөлістів.