БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Конференция Алматы қ. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Геофизикалық зерттеулер институтының Деректер орталығының базасында өткізіледі.
Конференция мақсаты – Ядролық сынауларға жан-жақты тыйым салу туралы шартының және Қазақстан Республикасымен ратификацияланған басқа Шарттар мен Келісімдердің күшіне енуіне ықпал ету.
2016ж. конференцияның ерекшелігі, бұл оның Ядролық сынауларға жан-жақты тыйым салу шартына қол қоюының ашылуына 20-жыл толғанында және ЯСЖТСШ 14 бабы бойынша Конференцияда Қазақстанның тең төрағалығы басталған жылы өткізілгендігінде. «БҰҰ шешімімен, Қазақстанның бастамасымен атап өтілетін ядролық сынауларға қарсы іс-әрекет жасаудың халықаралық күні және 1991ж. 29 тамыздағы Семейдің сынау полигонының жабылуына 25-жыл толуының» қарсаңында өткізіледі. Баяндамалар және кәсіптік пікірталастар барысында мерейтойлық оқиғалардың әлеуеті барынша жүзеге асырылады деп болжау жасалады.
Конференцияда мынадай өзекті тақырыпты бағыттар қарастырылады:
- ЯСЖТСШ бақылау жүйелерінің шұғыл даярлығын жақсарту.
- тіркелетін оқиғалардың көздерін зерттеудегі тиімділікті арттыру.
- Ядролық жарыстардың зардаптарын зерттеу және Орындағы инспекция.
- Ядролық мониторинг жүйесі мен деректерін азаматтық және ғылыми мақсаттарда пайдалану.
Алдында, 2014ж. өткен конференциядан кейінгі уақытта, әлемде Солтүстік Кореяда 2016ж.01.16-сында ядролық сынақ өткізілді. Бұл оқиға құрылып жатқан ғаламдық мониторинг жүйесінің 4-інші тексерілуі болды. Бақылаудың осы жүйесінің құрылысы аяқталуға жақындап қалды, сонымен қатар бір уақытта, өткен жылдары өз ресурсын тауысқан, станцияның компоненттерін жаңғырту және қайта капиталдандыру жүргізілуде; сейсмикалық станцияларды калибровкалау процедураларын жетілдіруге және инфрадыбыстық станциялардың калибровкаларын енгізуге көп көңіл бөлінеді. Халықаралық және Ұлттық деректер орталықтарында қолданыстағы операциялық жүйенің нұсқасын жаңғыртудың бірінші кезеңі аяқталды және автоматты және интерактивті іс-әрекеттің бағдарламалық жасақтамасын жаңғыртудың екінші кезеңі басталды, әсіресе инфрадыбыстық белгілердің мониторингі үшін. Станцияның Халықаралық деректер орталығымен байланысуының инфрақұрылымын жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. ЯСЖТСШ бақылау жүйесінің қазіргі жағдайына және дамытуына байланысты, осы және басқа сұрақтар бойынша, конференция қатысушылары пікірлерімен алмасуға және соңғы ақпараттармен бөлісуге мүмкіндік алады.
Қазақстан үшін конференция тақырыбының өзектілігі, тек қана ядролық сынаулар мен жерсілкінулер мониторингі жүйесін дамытуға байланыстыемес. Сондай-ақ бір жағынан, бұл өзектілік Қазақстанның аумағында, кеңес заманында, әлемдегі ядролық полигондардың ішіндегі ең белсенді полигондардың бірі – Семейдің ядролық полигоны орналасуына байланысты. Сонымен қатар, Қазақстанның аумағында бірнеше рет «бейбітшілік ядролық жарылыстар» деп аталатын жарылыстар өткізілді. Экологиялық, әлеуметтік, сондай-ақ геодинамикалық зардаптарды болжау тұрғысынан, осындай жарылыстар өткізілген орындарға жақын орналасқан жер қыртыстарындағы үдерістерді зерттеу, өте маңызды.
Екінші жағынан, конференцияның тақырыбы ядролық жарылыстар мониторингі жүйесімен алынған деректерді азаматтық және ғылыми мақсатттарда, ең бастысы сейсмикалық қауіпсіздік міндеттерін шешу үшін пайдалану мәселелерін қозғайды.
Қазақстан үшін бұл мәселелер аса маңызды, себебі Республика аумағының бірталай бөлігі сейсмобелсенді болып табылады. Сейсмикалық және инфрадыбыстық ақпараттардың үздіксіз жиналуы, осы деректерді арнайы зерттеуге өте кеңінен және өте белсенді жұмылдыру мәселесін тудырады. Мониторингтің осы деректерін бір қатар мақсаттарды шешу үшін қолданудың жетістікті мысалдары бар, олар:
- атом саласының қолданыстағы, салынып жатқан алаңдарының және жобаланған құрылыстарының сейсмикалық қауіптілігін бағалау. Қазақстанда осындай жұмыстар өткізілген және төмен байытылған уранды атомды реакторларды орналастыру орындары (Алатау, ЯФИ; Курчатов, ҚР ҰЯО), АЭС құрылысына арналады деп болжанған алаңдар үшін, МАГАТЭ-ның төмен байытылған уранының халықаралық банкі құрылатын, Үлбі металлургиялық зауыттың ауданы үшін өткізіледі;
- сейсмикалық аудандау карталарын қайта қарастыру. Жекешелеп алғанда Қазақстан аумағы үшін тарихи кезеңнен 2014 жылға дейін жерсілкіністер каталогын жасау, бұрын соңды сейсмикалық емес деп саналған аумақтарды қоса алғанда, бұл жағдай ҚР аумағы үшін жалпы сейсмикалық аудандаудың жаңа карталарын жасау үшін ақпараттық негіз болып табылды;
- кен шығаратын орындарға жергілікті техногенді сейсмикалық мониторинг жүргізу, жекелеп алғанда, Қазақстанның Каспий маңына;
- қатты қыртысты жерсілкіністерінің дайындалу ошақтарының заңдылықтарын зерттеу.
Әр мемлекеттің жетекші ғалымдарының жұмыстарымен танысу, нәтижелерін бірлесіп талқылау, сөзсіз Қазақстандағы айтарлықтай дәрежедегі геофизикалық зерттеулердің жаңа және өте өзекті бағытының – ядролық сынаулардың және олардың зардаптарының мониторингісінің сәтті дамуына ықпал етеді, - сондай-ақ табиғи және техногенді апаттардың қатерлерін төмендетуге бағытталған ғаламдық, аймақтық және жергілікті өзекті мәселелерді шешу барысында мониторинг деректерінің ғылыми және тәжірибелік қолданылуының жаңа салаларын анықтау.
Справка
Конференция міндеттері – ядролық мониторингтің халықаралық және ұлттық жүйелерін құру саласындағы соңғы жетістіктер туралы ақпаратпен, тіркелетін оқиғалардың көздерін зерттеудің тиімді әдістерімен алмасу, бұрында өткізілген ядролық сынаулардың зардаптарын зерттеу және Орындағы инспекция әдістерін дамыту, сондай-ақ ядролық мониторинг жүйелерін практикалық пайдалану және олардың нәтижелерін қолданбалы және ғылыми мақсаттарды шешу үшін пайдалану.
Конференцияны ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, Ядролық сынауларға жан-жақты тыйым салу туралы шарты бойынша ұйымы (ЯСЖТСШҰ), НОРСАР норвегиялық орталығы, Францияның атом энергиясы комиссариаты, РҒА Сібір бөлімінің Есептеу математикасы және математикалық геофизика институты, РҒА Геосферлар динамикасы институты, ҚР ЭМ Геофизикалық зерттеулер институты.
Конференцияның жұмысына ЯСЖТСШ Ұйымының өкілдері (ЯСЖТСШҰ), Ресейдің, АҚШ-тың, Францияның, Норвегияның, Ұлыбританияның белгілі ғалымдары мен мамандары қатысады. Конференцияға Орталық Азия мемлекеттерінен ғалымдар мен мамандар келеді деп күтілуде, олардың мониторингтік қызметтерін қолдауына, Алматы қ. Оқыту орталығы бірнеше жыл бойы сейсмикалық деректерді өңдеу мен пайымдаудың заманауи әдістері бойынша оқыту өткізді.
Осы тақырып бойынша конференция 2000 жылдан бастап, жүп жылдарында өткізіледі. Ол бес рет (2000 – 2008 жж.) Бурабай кентінде, ерекше геофизикалық обсерватория орналасқан жерде өткізілді, бұл абсерватория 50 жыл бойы әлемнің әртүрлі ядролық полигондарында болған ядролық сынауларды цифрлық тіркеуін сәтті жүргізіп отырды. Үш рет (2010 – 2014 жж.) ғалымдардың кездескен жері Курчатов қаласы болды, ол Семейдің сынау полигонының жақын жерде орналасқан. Курчатовта қырық жыл бұрын «Курчатов-Крест» эксперименттік сейсмикалық топтастыру жүйесі, инфрадыбыстық және магниттік стнциялар салынды және пайдалуға берілді. Қазіргі кезде, Бурабайда және Курчатовта салынған және жаңғыртылған станциялар, басқа да жаңа қазақстандық станциялармен бірге ЯСЖТСШ орындалуына бақылау жүргізетін, әлемдік қауымдастықпен құрылған Халықаралық мониторинг жүйесіне кіреді. Қазақстандық сегменттің станциялары әлемнің басқа станцияларымен бірге деректерді тәулік боы тіркейді және Вена қ. Халықаралық орталығымен алмасады, Алматы қаласындағы қазақстандық ұлттық деректер орталығы деректерді үздіксіз өңдейді және талдайды, нәтижелерін басқа ұлттық және халықаралық орталықтарға жібереді.