ҚАЗАҚСТАН ЯДРОЛЫҚ ҒЫЛЫМ МЕН ТЕХНИКАНЫ ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІНЕ ҚАДАМ БАСТЫ
15 маусым (сәрсенбі), «Астана Марриотт» қонақ үйі, Астана қ., Достық к-сі, 2.

Қазақстанда ядролық ғылымды дамытудың жаңа перспективалық бағыттары «JINR Days in Kazakhstan» (Қазақстандағы БЯЗИ күндері) халықаралық іс-шарасында ұсынылатын болады.
Алғашқы рет – Қазақстанда нано-технология саласындағы ең соңғы әзірлемелердің жасалуы басталады. Бұл металдардың 3-4 түрінің ерекше қосылысының жасалуы (немесе, ғылыми тілмен айтқанда, үштік және төрттік нитридтік қосылыстарының негізіндегі синтезделген композициялық материалдар жөнінде) туралы болады. Осы қорытпалармен жабындалған АЭС реакторларының бөлшектері, айтарлықтай берік, жоғары температуралар мен коррозия әсеріне ұшырамайтын болады.

Сондай-ақ, кадмий теллуридінен жасалған күн элементтерi үшiн материалдардың жаңа түрлерiн алу туралы сөз қозғалды. Кадмий теллуриді тиiмдiлiгі жағынан әдеттегi кремнийден жақсырақ, бұл күн батареялары өндiрiсін арзандатады.
Келесі басқа бағыт ядролық медицина және биологияға қатысты болды. Шығарылып жатқан 99mТс и 131I изотоптары негiзiнде және өндіруге даярланып отырған 18F и 201Tl изотоптары негізінде онкологиялық және басқа да ауруларды диагностикалауға арналған жаңа радиофармпрепараттар жақын арада Қазақстанда өндiрiске енгізіледі. Сонымен қатар сүйектің метастатикалық зақымдануын жеңілдік берумен емдеу жүргізуге арналған 153Sm негізіндегі препарат өндiрiске енгізілетін болады.
Алғашқы рет Қазақстан Қазтелеком орнатқан «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағында және сенiмдiлiк деңгейi бойынша Tier 2 жарақталған «Деректерді өңдеу орталығы» қуатты есептеуiш орталығын пайдалана алады. Grid – технологиясын қолдану арқасында қазақстандық ғалымдар ЦЕРН-нің және БЯЗИ деректер базасына кіре алатын болды, сондай-ақ елеулi есептеуiш қорларын талап ететiн есептеулердi орындау мүмкiндiгi туындады.
Сонымен бірге ғалымдар қазақстандық мамандардың NICA жобасы бойынша ғылыми зерттеулерге қатысуын (Ғаламның пайда болу мезетін модельдеу және тығыз бариондық материяның қасиетін зерделеу); жаңа білім беру технологияларын қолдана отырып, БЯЗИ бірлесіп аспирантурада және PhD докторантурасында ғылым кандидаттары мен докторларын дайындау мәселесін талқылауды жоспарлап отыр. Қазақстандық аспиранттар мен докторлар БЯЗИ халықаралық орталығында зерттеу жұмыстарын өткізумен қатар, бірлесіп алынған ғылыми нәтижелердің зияткерлiк меншiк құқығына ие болады.
Халықаралық кеңесте ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» Манифесін ілгерілету шеңберінде Қазақстанда ядролық энергияны бейбіт мақсатта пайдалануды дамыту мәселелері жеке қарастырылатын болады.
«Қазақстандағы БЯЗИ күндері» халықаралық кеңесінің ұйымдастырушылары ҚР Энергетика министрлігі, «Ядролық физика институты» РМК, Біріккен ядролық зерттеулер институты (БЯЗИ), Казакстан ядролык когамы болып табылады. БЯЗИ 60 жылдығына және Астана қаласындағы ДЦ-60 ауыр иондар үдеткішінің іске қосылғанының 10 жылдығына арналған іс-шара 2016 жылдың 14 маусымынан бастап 18 маусымы аралығында өтеді.


Справки по телефону 55 14 64, 8 777 214 56 90, N.Zhdanova@nuclear.kz,
Казакстан ядролык когамы.

 


Сұхбат беруге қатысушылардың тізімі
ҚР министрліктері мен ведомстволары
1. Владимир Сергеевич Школьник – Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі;
2. Жақсалиев Бахытжан Мұхамбетқалиұлы – Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі;
3. Ержан Нығматуллаұлы Ашықбаев – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары;
4. Такир Оспанұлы Балықбаев – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі;
5. Тимур Мифтахұлы Жантикин – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті төрағасының орынбасары;
6. Батыржан Көмекбайұлы Қаракөзов – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық жобаларды дамыту департаментінің директоры.

ЯФИ РМК:
1. Саябек Қуанышбекұлы Сахиев – бас директор;
2. Насурлла Буртебаев – бас директордың орынбасары;
3. Максим Владимирович Здоровец – Астана филиалының директоры.

БЯЗИ:
1. Виктор Анатольевич Матвеев – БЯЗИ директоры;
2. Михаил Григорьевич Иткис – БЯЗИ вице-директоры;
3. Дмитрий Владимирович Каманин – БЯЗИ халықаралық байланыстар бөлімінің бастығы;
4. Сергей Николаевич Дмитриев – БЯЗИ ЯРЗ директоры;
5. Владимир Васильевич Кореньков – БЯЗИ АТЗ директоры.

 

АНЫҚТАМА

«Біріккен ядролық зерттеулер институты» (БЯЗИ) Халықаралық үкіметаралық ұйымы – ең соңғы технологияларды әзірлеп және қолдана отырып, іргелі теориялық және эксперименттік зерттеулердің университеттік білім берумен табысты бірігуінің бірегей мысалы болып табылатын бүкіл әлемге танымал ғылыми орталық.
Ең заманауи эксперименттік базасы және жоғары білікті кадрлары бола отырып, БЯЗИ 60 жыл бойы Қазақстанның физика ғылымының дамуына көп жағынан жағдай жасап келеді. Мұның тамаша мысалы, БЯЗИ Ядролық физика институтымен бірлесіп Астанада заманауи ғылыми-зерттеу кешенін құруы болып табылады, оның негізі Орталық Азиядағы бірінші заманауи ДЦ-60 ауыр иондар үдеткіші. ДЦ-60 үдеткішінің 10 жылдық жұмысы ядролық энергияны бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулерді және технологиялық әзірлемелерді, сондай-ақ Қазақстанда Республикасының құрылып жатқан атом саласы үшін жоғары білікті кадрларды даярлауды жаңа сапалық деңгейге көтеруге мүмкіндік берді. Атап айтқанда, ион-іздік жарғақтарды өндіру технологиясы және оларды биологияда, медицинада және өнеркәсіпте қолдану сияқты Қазақстан үшін жаңа бағыт дамыды.

Ядролық физика институты http://www.inp.kz