«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басшылығы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеевке компанияны трансформациялаудың 2016 жылға арналған Жол картасын таныстырды.
16 ақпан күнгі көшпелі сессия барысында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеевке трансформациялау бағдарламасы аясында іске асырылып жатқан Жағдаяттық орталықтың пилоттық жобасын таныстырды.
ҚР Ұлттық ядролық орталығының бас директоры Эрлан Батырбеков Азиядағы атом энергетикасының кадрлық әлеуетін дамыту жөніндегі 6-шы халықаралық кеңеске қатысты. Кеңестің ұйымдастырушылары Фукуи префектурасының үкіметі мен Вакаса Ван (Жапония) энергетикалық зерттеулер орталығы болды.
Қазақстан ірі табиғи уран өндіруші ретіндегі әлемдегі көшбасшылық орнын сақтап қалды. 2015 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ холдингі құрамындағы кәсіпорындар 23 800 тонна уран (жылдық жоспардың 101%) өндірді, соның ішінде еншілес және бағынышты кәсіпорындардағы үлестерін қоса есепте...
Үлбі металлургиялық зауыты бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» республикалық конкурсының «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша жеңіске жетті.