2016 жылғы 29 ақпанда Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде Қоғамдық кеңесті әзірлеу бойынша Жұмыс тобының басшысы В.С. Школьниктің төрағалығымен ҚР ЭМ жаңадан құрылған Қоғамдық кеңестің бірінші отырысы өтті.
ҚР Президенті ұсынған «100 нақты қадамның» елді дамыту үшін маңызы өте зор. Бұл біздің жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда Ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі жөніндегі жоспары. Күн өткен сайын біз алға қойылған барлық мін...
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басшылығы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеевке компанияны трансформациялаудың 2016 жылға арналған Жол картасын таныстырды.
16 ақпан күнгі көшпелі сессия барысында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеевке трансформациялау бағдарламасы аясында іске асырылып жатқан Жағдаяттық орталықтың пилоттық жобасын таныстырды.
ҚР Ұлттық ядролық орталығының бас директоры Эрлан Батырбеков Азиядағы атом энергетикасының кадрлық әлеуетін дамыту жөніндегі 6-шы халықаралық кеңеске қатысты. Кеңестің ұйымдастырушылары Фукуи префектурасының үкіметі мен Вакаса Ван (Жапония) энергетикалық зерттеулер орталығы болды.